Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері 15 сәуірде Мәскеуде тікелей форматта өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың 29-бабында көрсетілген негіздер бойынша Елдер тауарлармен өзара саудадағы шектеулерді енгізген және алып тастаған кезде Одақ мемлекеттері мен Комиссияның өзара іс-қимыл тәртібін бекітті.
ЕАЭО туралы шарттың 29-бабы, егер мұндай шектеулер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды қорғау үшін қажет болған жағдайда, елдердің шектеулерді қолдану мүмкіндігін көздейтінін естеріңізге сала кетейік.

«Бүгінде біздің елдеріміз халықаралық қатынастардағы шиеленіс пен қарама-қайшылықтар аясында мүлдем жаңа сын-тегеуріндерге тап болуда, бұл интеграция мәселелерін елдер экономикаларының орнықтылығын және Одақтың ішкі нарығын қамтамасыз ету жағына ығыстыруда. Бүгінгі шешім Одақ практикасына консультациялар өткізудің, оның ішінде ішкі нарықта болжамдылықты және транспаренттілікті арттыруға және біздің Одаққа сыртқы қысымның жағымсыз салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін шектеу шаралары мәселелері бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу үшін еуразиялық тетікті енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК-тің Ішкі нарықтар және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян.