Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
10 маусымның 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 маусымда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев 26-27 маусымда Минскіде өтетін IV Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы хабардар етілді.
10 маусымның 2025
ҚХР-дан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж бес жылға ұзартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасынан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баждың қолданысын қоса алғанда 2030 жылғы 9 маусымға дейін ұзартты. "Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдері прокат өндірушілерінің өтініштері негізінде, қолданыстағы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2024 жылғы 2 қыркүйекте бастаған демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қабылданды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Өтінішті "Магнитогорск металлургия комбинаты" ЖарАҚ, "Новолипецк металлургия комбинаты" ЖарАҚ және "Северсталь" ЖарАҚ берді. ҚХР-дан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешіміне сәйкес белгіленген. ҚХР-дан шыққан прокатқа арналған баждың мөлшері өндірушісіне байланысты кедендік құнның 12,69%-ынан 17%-ға дейін, Украинадан шыққан прокатқа арналған баж мөлшері кедендік құнның 23,9%-ын құрайды. № 209 шешіммен сондай-ақ қытайлық бірқатар компанияның баға міндеттемелері мақұлданған. Шараны қолдану қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне орай ұзартылған болатын.
06 маусымның 2025
Чинара Мамбеталиева "Реттеушілік практикасы және дәрілік заттарды тіркеу — ДәрТір 2025" конференциясына қатысты
Мәскеуде өткен "Реттеушілік практикасы және дәрілік заттарды тіркеу — ДәрТір 2025" ғылыми-практикалық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Чинара Мамбеталиева дәрі айналысын реттеуді жетілдірудің, тіркеу тиімділігін арттырудың және пациенттердің сапалы дәрі-дәрмекке қол жеткізуін қамтамасыз етудің түйінді мәселелерін ұсынды. ЕЭК өкілі пленарлық сессияда "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын дамытудың негізгі бағыттары" тақырыбында баяндама жасады. Атап айтқанда, ол бірыңғай тәсілдемелер негізінде дәрілерді тіркеуге қойылатын талаптарды үндестіру процестерін тереңдету, тіркеу рәсімдері мен сараптама нәтижелерін өзара тану механизмдерін кеңейту, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы үшін инфрақұрылымды дамыту, дәрілік заттардың транспаренттілігі мен айналысын қадағалап отыруды қамтамасыз ету туралы айтты.
05 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев Қытайдың Ресейдегі Елшісі Чжан Ханьхуэймен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 5 маусымда ЕЭК штаб-пәтерінде Қытай Халық Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэймен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен ҚХР-дың Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі өзара іс-қимылының перспективалары талқыланды. "Қытай Халық Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қарымды сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің қарым-қатынасымыз өзара құрмет, ашықтық және стратегиялық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген", — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы. 2019 жылы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген сәттен бастап ЕАЭО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай екі еседен астам ұлғайып, 280 млрд долларға жетті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономиканың бірқатар басым саласы бойынша алда да өзара іс-қимылды тереңдетуге бейілділігін растады. ЕЭК Алқасының Төрағасы ҚХР-дың мемлекеттік билік органдары мен бизнес өкілдерін 2025 жылғы 26-27 маусымда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумның жұмысына қатысуға шақырды. Өз кезегінде Чжан Ханьхуэй Бақытжан Сағынтаевты Бейжіңге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс парадына шақырды. Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге Астанада 2018 жылы қол қойылды.
05 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: "Комиссия ЕАЭО шеңберінде фармацевтикалық нарықты дамытуға айрықша назар аударып отыр"
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 5 маусымда ЕЭК штаб-пәтерінде AstraZeneca халықаралық биофармацевтикалық компаниясының вице-президенті Искра Рейчпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттар нарығын дамытудың бірқатар мәселесі талқыланды. AstraZeneca компаниясының өкілдері ЕАЭО шеңберіндегі кооперациялық жобаларды іске асыруға қатысуға мүдделілік білдірді. AstraZeneca халықаралық биофармацевтикалық компаниясының ЕАЭО-ның барлық мемлекетін қоса, әлемнің жүзден астам елінде өз өкілдігі бар.
05 маусымның 2025
ЕЭК ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын Еуразиялық металлургиялық құзырет орталығын құрудан көріп отыр
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев И.П. Бардин атындағы Орталық қара металл ғылыми-зерттеу институты басшылығымен Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде металлургия саласындағы кооперациялық ынтымақтастықты дамытуды талқылады. Әңгімелесушілер қара металлургияны технологиялық дамыту саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, өндірісті игеруді және өнеркәсіптің әртүрлі саласы үшін тозуға төзімді болаттың жаңа түрін қолдануды (ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, автомобиль жасау, теміржол машиналарын жасау, көмірсутек шикізатын, құбырларды, ресурсы көтеріңкі мойынтіректерді тасымалдау), ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттермен салалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырды. "ЕЭК-тің ЕАЭО өнеркәсібіндегі кооперацияны қаржылай қолдау жөніндегі жаңа механизмі жаңа металлургиялық өндірістерді құру және Одақ елдеріндегі қазіргі бар қуаттарды жаңғырту кезінде тиімді пайдаланылуы мүмкін", — деп атап өтті Николай Кушнарев. И.П. Бардин атындағы Орталық қара металл ғылыми-зерттеу институты — металтану, металлургиялық технология және металдар физикасы саласындағы әзірлемелермен айналысатын ғылыми-зерттеу институты.
05 маусымның 2025
ЕЭК пен ЮНСИТРАЛ халықаралық сауда құқығы бойынша диалогты жалғастырды
Еуразиялық экономикалық комиссия ЮНСИТРАЛ-мен бірлесіп, халықаралық сауда құқығының өзекті мәселелеріне арналған екінші вебинар өткізді, оған Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. ЮНСИТРАЛ сарапшылары бірқатар бағыт бойынша түйінді атқарымдарын ұсынды. Бұлардың арасында дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңнама, халықаралық делдалдық пен төрелік, сондай-ақ инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесін реформалау бар. ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Лусине Тумян әлемдік экономиканың қарқынды трансформациясы жағдайында халықаралық сауда құқығы барған сайын маңызды рөл атқаратынын атап өтті. "ЕЭК пен ЮНСИТРАЛ арасындағы диалог өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған, осы саладағы озық халықаралық практикамен танысуға мүмкіндік береді. Біз тәжірибе ауысуда және халықаралық сауда құқығының нормаларын жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істеуде үлкен құндылықты көріп отырмыз", — деп атап өтті Лусине Тумян. Комиссия өкілі ЕАЭО мемлекеттерінің ЮНСИТРАЛ-мен белсенді диалогының маңыздылығын атап көрсетті, оның пікірінше, бұл елдерге өзекті тенденциялар мен жаһандық бастамалардан хабардар болып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық құқықтық стандарттарды қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді. Болып өткен пікірсайыс қатысушылардың ЮНСИТРАЛ-дың механизмдері мен құралдары туралы білімін кеңейтуіне, ЕАЭО шеңберінде халықаралық сауда құқығын қолдану пратикасын талқылауға мүмкіндік берді. ЮНСИТРАЛ (UNCITRAL) – БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы. 1966 жылы халықаралық сауда құқығын біріздендіруге және үйлестіруге ықпал ету үшін құрылған. БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы саласындағы негізгі заң органы болып табылады. Осы жылғы 26 мамырда ЕЭК пен ЮНСИТРАЛ-дың алғашқы бірлескен вебинары болып өтті.
04 маусымның 2025
Арзыбек Кожошев: "ЕАЭО мен АСЕАН-ның тиімді өзара іс-қимылы – Еуразиядағы логистиканы дамытудың драйвері"
"Трансшекаралық құрлықтық тасымалдарды жүзеге асыру және оларды тиісті реттеу саласындағы тәжірибе ауысу" деп аталатын ЕЭК-АСЕАН кездесуіне қатысушылар ЕАЭО мен АСЕАН-дағы көлік саласындағы интеграцияны дамыту тәжірибесін және оның перспективаларын талқылады. Іс-шара ЕЭК-тің Мәскеудегі штаб-пәтері мен Джакартадағы (Малайзия) АСЕАН Хатшылығы арасындағы телекөпір режімінде болып өтті. ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев семинарды ашып, ілтифат лебізін білдірді. "ЕАЭО және АСЕАН елдері бірегей географиялық және геоэкономикалық жағдайға, жоғары транзиттік және өнеркәсіптік әлеуетке ие. Оңтүстік Шығыс Азияның белсенді дамып келе жатқан нарықтарын және көлік-логистика жеткізілімдерінің өзгеруін ескере отырып, логистикалық хабтарды құру және көлік дәліздерін, мультимодальды көлікті дамыту үшін күш-жігерді үйлестіру маңызды міндет болып табылады", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Семинарға қатысушылар интеграциялық бірлестіктердегі көлік саласын реттеудің институционалдық негіздері, интеграциялық процестердің қазіргі заманғы трендтері туралы ақпарат берді, сондай-ақ көлік саласындағы цифрландырудың нәтижелері мен перспективалық бағыттарын, инфрақұрылым мен логистиканы дамытуды талқылады. ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Рустан Женалинов ЕАЭО-да көлік саласындағы интеграцияны дамыту жөніндегі жұмыс және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат бере отырып сөз сөйледі. Сондай-ақ, іс-шарада Біріккен көлік-логистика компаниясы — Еуразиялық теміржол альянсының, Халықаралық автомобиль көлігі одағының, АСЕАН Хатшылығының және АСЕАН елдері Көлік министрліктерінің өкілдері сөз сөйледі.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы