Жаңалықтар

08.06.2022

2022 жылғы І тоқсанда ЕАЭО-ның барлық елінде орташа жалақы өсті

Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде үстіміздегі жылғы І тоқсанда 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа айлық номиналды жалақы өсті.

Оның мөлшері Қырғызстандағы 21 мың сомнан ($234) Ресейдегі 60 мың рубльге ($709) дейін құрады.

Номиналды жалақының да, нақтылы жалақының да ең жоғары өсу қарқыны Қазақстан (тиісінше 123,7% және 112,7%) мен Беларусьта (117,1% және 104,5%) тіркелді.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «Жалақы туралы» бөлімінде берілген. 

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі