Жаңалықтар

09.02.2022

ЕАЭО елдеріне «тауарлар сапасы» ұғымын жақындастыру ұсынылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы «тауарлар сапасы» ұғымын айқындауға қатысты тәсілдемелер туралы» ұсынымды бекітті.

«Сапа» ұғымына тауардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына, азаматтық-құқықтық шарт жағдайларына, оларды пайдалану мақсаттарына, сондай-ақ тұтынушыға ұсынылған ақпаратқа сәйкестігін қамтамасыз ететін сипаттарды кірістіру ұсынылды.

Құжаттың ережелері ұлттық реттеуді үндестіруге және Одақта тұтынушылар құқықтарын бірдей қорғау қағидатын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Ұсыным ұлттық реттеудегі елеулі айырмашылықтарды азайту үшін 2025-Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалған.