Жаңалықтар

01.07.2021 (Обновлено: 10.01.2022 10:02)

ЕАЭО елдері Одақтың агроиндустрия картасын қалыптастырды

Еуразиялық  экономикалық комиссия Алқасы  іс жүзінде аграрлық салада перспективалық жобалардың  инвестициялық дерекқоры болып табылатын агроиндустрияны дамыту картасын мақұлдады. Агроиндустрияны дамыту картасы - жалпы сомасы 6,5 млрд АҚШ долларынан асатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 70-тен астам ірі инвестжобадан тұратын ақпараттық ресурс. Картаның импортты алмастыруды және экспорттық әлеуетті, соның ішінде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу және агрологистика салаларында іске асыруға бағытталған жобалары неғұрлым маңызды.

«ЕАЭО агроиндустриясын дамыту картасы пайдаланушыларға пайдалану үшін қолайлы түрде, графиктік үлгіде ақпарат ұсына отырып, АӨК-тегі инвестициялық және интеграциялық жобаларды аумақтық орналастыру, жобалардың негізгі көрсеткіштері, салалық тиесілігі жайында ақпарат алу мүмкіндігін ұсынады»,- деп атап өтті Артак Камалян.


Құжат ЕАЭО-да импортты алмастыру қажет болатын технологиялық бағыттарды және тиісті жобаларды іске асыруға қатысуға дайын ұйымдарды да кірістіреді. Бұл ақпарат Одақ шеңберінде өндірістік кооперациялық тізбектерді қалыптастыруға, сондай-ақ импорт алмастыратын өндірістерді мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды бөлуге мүмкіндік береді. Картаға Одақтағы импорт көлемі бойынша неғұрлым маңызды тауар позициялары да кіргізілген.

Картаның интерактивті нұсқасы ЕАЭО-ның ресми сайтында орналастырылған және қажеттілігіне қарай тараптардың жаңа ұсыныстарына сәйкес өзектендірілетін болады.

Ресурс ЕАЭО елдерінің импортты алмастыру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру үшін маңызды құралға айналады және импортқа тәуелді технологиялық бағыттарды, мүше мемлекеттер өндірушілерінің әлеуетін, Одақта қалыптасқан кооперациялық байланыстарды көрсететін болады. Бұл ЕАЭО елдеріне өндірістердің қосарласуын болдырмауға және өндірушілердің салалық мамандануы бойынша жұмысты бастауға мүмкіндік береді.