Жаңалықтар

14.06.2022

ЕАЭО елдері тұтынушыларға қатысты іскерлік практиканың тәсілдемелерін жетілдіреді

Еуразиялық экономикалық комиссия тұтынушыларға қатысты іскерлік практика туралы ұсынымды бекітті.
 Комиссия Алқасы 2021 жылғы қаңтарда қабылдаған тұтынушыларға қатысты адал іскерлік практиканың қағидаттары мен критерийлерін дамытуда ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бизнестің парасаттылық, әділеттілік, ашықтық және тұтынушы алдындағы жауапкершілік қағидаттарын сақтау үшін корпоративтік іскерлік этиканы қалыптастыруға бағытталған бастамаларын қолдауды ұсынады.

Ұсынымдар тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өзін-өзі бақылау, міндетті талаптарды бұзушылықтың профилактикасы жөнінде шаралар ендіруді, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің кәсіби стандарттарын әзірлеу мен белгілеуді, әлеуметтік жауапкершіліктің таңдаулы практикаларын ендіруді бағамдайды.

Құжат Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегияларының іс-шараларын көздейді. Ол бизнес-қауымдастықтар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінен, соның ішінде Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форум аясында өткізілген жұмыс кездесулері мен дөңгелек үстелдер барысында алынған ұсыныстарды ескереді.