Жаңалықтар

05.02.2024

ЕАЭО бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы 2023 жылы 17,4%-ға өсті

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылғы желтоқсанда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 117,4% құрады.

2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО бойынша тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеуде өндірушілер бағасының айтарлықтай өсуі (36,5%) байқалды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілердің бағасы 13,5%, «электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» қызметінің түрі бойынша 7,6%, «сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау» қызметінің түрі бойынша 7%-ға өсті. 

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасы» бөлімінде берілген.