Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы 2023 жылғы тамызда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,4% төмендеді. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 8% төмендеді, мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1,3% өсті.
Желтоқсан айымен салыстырғанда ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасының төмендеуі: Арменияда 38,1%, Беларусьта 9,3%, Қазақстанда 5,5%, Қырғызстанда 1,5%, Ресейде 0,6% байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасы» бөлімінде берілген.