Жаңалықтар

29.05.2023

ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы жыл басынан бері 0,2%-ға төмендеді

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға, 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 5,4%-ға төмендеді.

Желтоқсан айымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасының төмендеуі Арменияда (6,8%-ға) және Қазақстанда (2,5%-ға) байқалды. Қырғызстанда бағаның өсуі тіркелді (6,1%-ға). Беларуссияда бағалар сол деңгейде қалды, Ресейде шамалы өсті (0,1% — ға).

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасы» бөлімінде берілген.