Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының сенімгерлік бизнес-экожүйесін құжатсыз негізде қалыптастыру бүкіл өндірістік-өткізу тізбегі бойында деректердің үлкен массивін цифрландыруға қосымша серпін бола алады. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының тиімділігін және болашақта саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. III Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасы шеңберінде өткен «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ету және сауданы дамыту контексінде АӨК цифрландыру» сараптамалық сессиясының қатысушылары осындай қорытындыға келді.
«Ұлттық деңгейде ЕАЭО мемлекеттері ауқымды деректерді жинау және өңдеу және аграрлық нарықты трансформациялау негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыруға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы цифрлық сервистерді белсенді түрде әзірлеуде. Комиссия ашық және тұтастай ЕАЭО-дағы үздік ұлттық практикаларды масштабтау жөніндегі ұсыныстарды қарауға дайын», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян.
ФАО мен Халықаралық астық жөніндегі кеңес өкілдері талқыланып жатқан саладағы жаһандық үрдістер туралы айтып берді. Қырғыз Республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Самат Насирдинов пен Россельхознадзор басшысының орынбасары Светлана Алексеева ұлттық мемлекеттік цифрлық платформаларды дамыту тақырыбын ашты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығының» сарапшылары Қазақстанда электрондық астық қолхаттарының жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
«Ақпараттық ресурстар, бір жағынан, мемлекеттік органдарға белгілі бір деректер мен мәліметтерді өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді, екінші жағынан, бизнес-құрылымдар үшін мемлекеттік және бақылаушы органдармен өзара іс-қимылды барынша оңайлату мүмкіндіктерін ашады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылар мен мемлекеттің бір-біріне деген сенімі артып келеді», – деп атап өтті сессия модераторы - «Деловая Россия» жалпыресейлік қоғамдық ұйымының вице-президенті, атқару комитетінің басшысы Нонна Каграманян.