Жаңалықтар

28.11.2023

ЕЭК-те дайындалған «Еуразиялық экономикалық интеграция: теория және практика» оқулығы Жылдың экономикалық кітабы – 2023 деп аталды

ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі, РҒА академигі Сергей Глазьевтің басшылығымен Ресей халықтар достығы университетімен өзара іс-әрекет ете отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлері мен авторлар ұжымы дайындаған «Еуразиялық экономикалық интеграция: теория және практика» оқу құралы «Оқулықтар мен оқу құралдары: өзекті экономикалық күн тәртібі» номинациясы бойынша «Жылдың экономикалық кітабы – 2023» қоғамдық сыйлығының лауреаты атанды.

«Жылдың экономикалық кітабы – 2023» деп аталатын оқулық– қазіргі әлемдегі ең озық экономикалық бірлестіктердің бірі Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді егжей-тегжейлі сипаттайтын алғашқы және әзірге жалғыз оқу құралы. Кітапта кеден одағын, бірыңғай экономикалық кеңістікті және ЕАЭО-ны қалыптастыру және тұрақты жетілдіру жөніндегі қызметтің қорытындылары келтірілген. Оқу құралында Одақ мемлекеттерінің 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартында, Еуразиялық экономикалық интеграцияны 2025 жылға дейінгі дамыту стратегиясында, ЕАЭО-дағы стратегиялық жоспарлаудың басқа да құжаттарында айқындалған интеграцияны дамытудың барлық функционалдық бағыттары бойынша келісілген шешімдерді әзірлеудің құқықтық негіздері, форматтары мен практикасы егжей-тегжейлі сипатталған.

Басылымның ерекшелігі, оның негізгі авторлары академиялық экономикалық мектеп өкілдерімен қатар күнделікті режимде экономикалық интеграция мақсаттарына қол жеткізуге, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттырудың тиімді құралдарымен бәсекеге қабілетті бірлестік ретінде Одақты дамытуға, бизнестің жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін міндеттерді шешуге тікелей қатысатын Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері болды. Кітап интеграцияның теориялық және әдіснамалық негіздерін және интеграциялық бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру практикасын біріктіреді.

«Еуразиялық экономикалық интеграция: теория және практика» оқу құралын мына жерденоқуға болады.

 

Анықтама

«Жылдың экономикалық кітабы» сыйлығын Ресейдің Еркін экономикалық қоғамы берді. Лауреаттарды анықтау және марапаттау Ресейдің ЕЭҚ және Халықаралық экономистер одағы жыл бойы өткізетін іс-шаралар цикліндегі негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады.