Жаңалықтар

24.01.2025

Комиссияда тауарларға арналған декларацияның жекелеген графаларын толтыруды оңайлату талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалығық етуімен ЕЭК-тің бейінді Консультативтік комитеті жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Бірқатар, соның ішінде бизнес бастамашы болған мәселелер қаралды. Бұл ретте сөз алдыңғы кедендік рәсім мен алдыңғы құжат туралы мәліметтерді көрсетпеу мүмкіндігін қоса, тауарларды декларациялауды оңайлату туралы, сондай-ақ тауарларды әкетудің жекелеген жағдайлары кезіндегі көлік құралдары жайында болды.

Тұтастай алғанда, сарапшылар кедендік бақылаудың іріктелуін қамтамасыз ету, оларды автоматты түрде өңдеу және тауарларды тексеріп қарау жағдайларын барынша азайту үшін контейнерлер туралы мәліметтерді көрсету қағидаларын оңтайландыру бойынша ұсыныстарды мақұлдады.

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген.

Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің шешіміне сәйкес құрылған.