Жаңалықтар

06.08.2024

Ойыншықтарға арналған техникалық регламенттің өзгерістері бойынша өтпелі ережелер белгіленді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы осы жылғы 26 қарашада күшіне енетін "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістерді іске қосуды енгізу тәртібін белгіледі.

Ойыншықтардың өзгерістер күшіне енгенге дейін берілген техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сертификаттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Көрсетілген құжаттардың қолданылу кезеңінде ойыншықтарды жасауға және айналысқа шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай өнімнің айналысына оның қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

"Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 50 шешімімен енгізілді.

Өзгерістер шеңберінде құжатқа нақтылаулар енгізілді, бұлардың қажеттілігі оны қолдану практикасы негізінде белгілі болды. Бұдан басқа, техникалық регламент "хош иісті ойыншық", "жұмсақ ойыншық", "сылдырмақ", "дәм дағдыларын дамытуға арналған жиым (дәмдік жиым)" сияқты және басқа да бірқатар жаңа терминмен, сондай-ақ ойыншықтардың жаңа түрлеріне қойылатын талаптармен толықтырылған. Олардың ішінде иіс сезуді дамытуға арналған үстел үсті ойындары, дәмдік жиымдар және басқалары бар.