Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Тауарларды шығаруға байланыстыкедендік операциялар жасау тәртібінеөзгерістер енгізді.
Тауарларды шығару туралы ақпаратты жіберу тәртібі нақтыланды, шығарылым туралы бұрын жіберілген хабарламаларды түзетуді және жоюды жүзеге асырудың жағдайлары мен тәртібі айқындалды, кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып декларанттарға берілетін мәліметтердің құрамы түзетілді, сондай-ақ техникалық іркілістерден туындаған ақпараттық жүйенің ақаулығы жойылғаннан кейінгі іс-әрекеттер тәртібі белгіленді.
Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік транзит рәсімін қолдану қағидаларын регламенттеу және транзиттік операцияларды жасау кезінде ақпарат беруге қойылатын талаптарды айқындау саласындағы актілерін пысықтау жөніндегі кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Өзгерістер тауарларды транзиттік тасымалдау кезінде ЕАЭО елдерінің кеден органдары арасында құжаттар мен мәліметтердің электрондық алмасуын іске асыру үшін әзірленді.
Тауарларды шығаруға, тауарларды шығарудан бас тартуға және тауарларды шығарудың күшін жоюғабайланысты кедендік операцияларды жасау, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру, осындай тоқтата тұру мерзімін ұзарту және олардың күшін жою туралы шешімдерді ресімдеу, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау туралы хабарлама жасау тәртібіЕуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188"Тауларды шығаруға байланыстыкейбір мәселелер туралы" шешімімен бекітілген.