Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кедендік декларацияларды тіркеуді ресімдеудің немесе тіркеуден бас тартудың жаңа тәртібін бекітті.
"Жаңа қағидалар кеден декларацияларының үш түрін тіркеуге орайлас бірыңғай тәсілдемелерді қамтамасыз етеді, электрондық декларациялаудың басымдығын, сондай-ақ кеден органының лауазымды адамының қатысуынсыз кеден декларацияларын тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды жүзеге асыру мүмкіндігін ескереді", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов.