Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттеріне енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібін бекітті. Бұл тамақ өніміне, сондай-ақ оның жекелеген түрлеріне: май-тоңмай өнімдеріне, сүт және сүт өнімдеріне, ет және ет өнімдеріне, балық және балық өнімдеріне, құс етіне және ветеринариялық дәрілік заттардың тамақ өнімдерінде қалдық құрамының барынша рұқсат етілген деңгейлерін белгілеу бөлігінде оны қайта өңдеу өнімдеріне арналған техрегламенттер.
Комиссия Алқасы Комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 70 шешімімен қабылданған өзгерістердің күшіне ену күнінен (2024 жылғы 10 шілде) бастап 18 ай болатын өтпелі кезеңді айқындады. Осы кезең ішінде аталған регламентерде бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тамақ өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі. Бұл ретте мұндай өнімді Одақ нарығында айналысқа шығаруға оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде рұқсат етіледі.
Өтпелі кезеңді белгілеу кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң ықпалын тигізеді. Жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін дайындаушыларды, дайындаушылар уәкілеттік берген адамдар мен сатушыларды (жеткізушілерді) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техрегламенттерге енгізілген тауарларға ондағы ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық құрамының барынша жол берілетін деңгейлерін белгілеу бөлігінде қойылатын жаңа талаптарды сақтауға біртіндеп дайындау үшін жеткілікті мерзім қамтамасыз етіледі.