Жаңалықтар

09.12.2022

ЕАЭО-ның 2023 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілді

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары 9 желтоқсанда Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО-ның 2023 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын бекітті.

Құжатта атап өтілгендей, 2023 жылы ЕАЭО үшін ТМД мемлекеттерімен және таяу шетелдегі басқа да елдермен өзара іс-қимылды жандандыру, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ), Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН), Еуропалық одақпен (ЕО), "БРИКС" елдерімен және басқа да Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы мүдделі мемлекеттермен және бірлестіктерімен Үлкен Еуразиялық әріптестік идеясы, ЕАЭО елдерінің экспорттық әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу тұрғысында, соның ішінде жаңа нарықтарға шығу және өзара есептесулерде ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту есебінен жүйелі диалогты дамыту басымдықты болады. 

Бұдан басқа, 2023 жылға арналған басымдықтар арасында - өзгермелі жаһандық экономика жағдайында бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, көлік-логистика тізбектерінің бұзылуына және сыртқы саудадағы қаржылық есептесудің шектеулеріне байланысты бизнестің тосқауылдарды еңсеруіне жәрдемдесу бар.

Одақтың негізгі күш-жігері қазірдің өзінде құрылған ынтымақтастық механизмдерін, соның ішінде жасасылған меморандумдар, декларациялар және сауда келісімдері шеңберінде дамытуға шоғырландырылатын болады. Құжаттың бірінші бөлімі осыған арналған.

Халықаралық ұйымдар арасынан бұл ретте Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), соның ішінде оның өңірлік комиссиялары, Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және басқалар, өңірлік бірлестіктерден - ТМД Атқарушы комитеті, ШЫҰ, АСЕАН, Африка одағы және басқалар бар.

Үшінші елдерге қатысты келгенде, ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттермен, Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қытаймен, преференциялы сауда келісімдеріне сәйкес Вьетнаммен, Сербиямен, Сингапурмен және Иранмен ынтымақтастық басымдықты болады.

Құжаттың екінші бөлігінде Одақ байланысты дамытуға ұмтылатын әлеуетті әріптестер келтіріледі. Олардың арасында - ЕАЭО-мен жүйелі іс-қимылды тереңдетуге қызығушылық білдірген өңірлік бірлестіктер мен үшінші мемлекеттер бар.

Анықтама

ЕАЭО-ның халықаралық қызметі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген Тәртіптің 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттары қалыптастырылады. 

2022 жылғы 10 қарашадағы жай-күй бойынша ЕЭК халықаралық ұйымдармен 46 меморандум, үшінші елдердің Үкіметтерімен, министрліктерімен және ведомстволарымен 27 меморандум, өңірлік интеграциялық және мемлекетаралық бірестіктермен 14 меморандум, үшінші елдермен 7 сауда келісімін жасасты.