Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Өмірдің ең асыл құндылықтары – мейірімділік, сұлулық, қамқорлық сіздермен тығыз байланысты.
Еуразиялық экономикалық комиссияда ең жоғары іскерлік қасиеттеріңізді, кәсіби білімді екендеріңізді және алға қойған мақсатқа қол жеткізуде табандылық көрсете отырып, әрдайым жетістікке жетелеп отырасыздар.
Осы мереке күні өзінің кәсіби қызметін еуразиялық интеграциямен байланыстырған барлық әйел қауымына, біздің әріптестерімізге ризашылық пен құрмет сөздерін арнағым келеді. Біздің Одақтың өркендеп дамуы көп жағдайда сіздерге байланысты. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш тілеймін және аңсаған армандарыңыздың орындалуына тілектеспін.
Мейрамдарыңызбен!
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
М.В. Мясникович