Жаңалықтар

22.11.2024

2025 жылы ЕЭК ЕАЭО туралы шарт ережелерінің табиғи монополиялар бөлігінде іске асырылуына могиторинг жүргізеді

22 қарашада ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің 29-шы отырысында осындай шешім қабылданды.

Отырысқа қатысушылар сандық және сапалық көрсеткіштерді пайдалана отырып мониторинг жүргізу бойынша бірлескен іс-қимылдың жалпы форматы мен алгоритмін мақұлдады. Олар ЕАЭО туралы шартқа сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу кезінде ЕАЭО елдері басшылыққа алатын қағидаттардың сақталуын бағалау үшін қолданылады. Талдау нәтижелері табиғи монополияларды реттеу салаларында одан әрі үндестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін ғана емес, сондай-ақ "бестік" елдерінің нормативтік-құқықтық актілерін ықтимал өзектілендіру мақсатында да қолданылуы мүмкін деп жоспарлануда.

Консультативтік комитет табиғи монополиялар мәселелері жөніндегі талдамалы есептің құрылымын мақұлдады. Құжатты 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсыну жоспарланып отыр.

Тараптар сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі жұмысты одан әрі талқылады. ЕАЭО туралы шартқа оларды нақтылау үшін өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігі де жоққа шығарылмайды.