Жаңалықтар

29.08.2022

Бірыңғай нысан бойынша сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіне өзгерістер жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларациялар бере отырып, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесін (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімі) өзектілендірді. Құжат ЕАЭО-ның құқықтық порталында жарияланды.

Жаңартулар Бірыңғай тізбенің 24 позициясы бойынша мемлекетаралық стандарттар мен ұлттық стандарттарға қатысты: 23 стандарт жаңа редакциядағы стандартқа ауыстырылған, ал бір стандарт күшін жоюға байланысты алып тасталған.

«Өзгерістер мұндай өнімге ЕАЭО-ның барлық елі танитын бірыңғай нысанды декларациялар мен сертификаттар ресімдеу кезінде өзекті стандарттарды қолдану үшін қажет, бұл мұндай өнімнің Одақ нарығындағы еркін айналысын қамтамасыз етеді»,- деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.