Жаңалықтар

21.02.2022

ЕАЭО-да қауіпті өнім туралы ақпараттық жүйе қалыптастырылады

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта қауіпті өнім туралы ақпараттық жүйені қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қорытындылары негізінде осы ақпараттық жүйені ЕАЭО-да қалыптастыру жөніндегі жалпы процесті толық мәнінде іске қосу үшін қажетті құжаттарды және Одақ нарығында айналыстағы өнімді қадағалауды ұйымдастыру саласында қабылданған келісімдерді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын дайындауға кірісуге шешім қабылдады.

Бұл осы саладағы екі негіз қалаушы халықаралық шарт - Одақ техрегламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісім және Одақтың техникалық регламенттерінде оларға қойылатын талаптар белгіленбеген өнімнің Одақтағы айналысының тәртібі туралы келісім.

Сондай-ақ тараптардың уәкілетті органдарына өздерінің ұлттық хабардар ету жүйелерін уақытылы пысықтау және олардың жалпы процесті іске асыру үшін дайын болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Еуразиялық экономикалық одақта қауіпті өнім туралы ақпараттық жүйені қалыптастыру жөніндегі пилоттық жоба 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі аралықта жүргізілді. Алты (төмен вольтті жабдыққа, доңғалақты көлік құралдарына, балалар мен жасөспірімдер арналған өнімге, ойыншықтарға, ет және сүт өніміне арналған) техникалық регламенттің мысалында бақылау (қадағалау) органдары Одақтың міндетті талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау туралы 100-ден астам хабарлама қалыптастырды.

Пилоттық жоба жұмысының нәтижелері ЕАЭО-да «Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану» жалпы процесі шеңберінде қауіпті (сәйкес келмейтін) өнімді анықтау туралы хабардар ету жүйесін құру кезінде негізге алынатын болады.

Бұл процесті іске асыру Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарына, соның ішінде тұтынушылар үшін қауіпті өнімді анықтауға қатысты ден қою және жедел шаралар қабылдау үшін оның ақпараттық ортасында үйлесімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.