Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларына өзгерістерді бекітті. Құжатты Ресей Федерациясы қарауға енгізді және Комиссия Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, оны тұжырымдалық тұрғыда істеп шықты.
ЕЭК Кеңесінің шешімі осы саладағы ұйымдастырушылық-өкім етушілікті жақсарту үшін жағдай жасайды. Олар Одақтың сәйкестікті бағалау туралы құжаттарына (сертификаттары мен декларацияларына) заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің тегі мен аты-жөні өзгерген кезде, сондай-ақ өндірістің нақтылы орны өзгермеген жағдайда өнім өндірілетін жердің мекенжайының жекелеген деректемелері өзгерген кезде (сөз қала, көше атауының өзгеруі, пошта индексінің, үй нөмірінің өзгеруі туралы болып отыр) ұтқырлы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ЕАЭО елдерінің іс басындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жұмысын жеңілдетеді.
Сертификаттарда немесе декларацияларда көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде өзгерістер:
- осы сертификаттарды немесе декларацияларды ауыстыруға міндетті рәсімдерді орындамай, яғни оңайлатылған тәртіп бойынша жол берілетін;
- сертификаттарды немесе декларацияларды ауыстыру жүзеге асырылмауы мүмкін, яғни рұқсат беру құжаттары оларға өзгерістер енгізбей-ақ айналыста болуы мүмкін жағдайлардың тізбесін толықтырады.
Көрсетілген нормалар Одақтың техникалық регламенттеріне тиісті өзгерістер қабылданғаннан не күшіне енгеннен кейін (Типтік схемалар негізінде сәйкестікті бағалау нысандарын, схемалары мен рәсімдерін белгілеу бөлігінде) не Сертификаттар мен декларациялардың бірыңғай нысандарына және оларды ресімдеу қағидаларына өзгерістер күшіне енгізілгеннен кейін тікелей күшіне енеді (Комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 198 шешіміне сәйкес).