17 қарашада "Ресей көлігі" халықаралық форумының бейінді жалпы пікірсайысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының көмекшісі Максим Галл цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін Еуразиялық көлік-логистика кеңістігінің іргетасы деп атады.
Оның сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақтағы терең де тиімді интеграция жаңа логистикалық тәсілдемелер мен технологияларды дамыту, заманауи көлік-логистика кешенін құру кезінде ғана мүмкін болады. Ал бұған, өз кезегінде, Комиссия одақтық елдермен бірлесіп қалыптастыратын цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі ықпал етеді.
Экожүйе ұлттық цифрлық сервистер мен платформаларды біріктіру негізінде Одақтың көлік саласының цифрлық трансформациясын қамтамасыз етуге, ЕАЭО-да мультимодалдық тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірыңғай цифрлық көлік-логистика кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тасымалдаудың әрбір кезеңінде экожүйенің бірыңғай қағидаларымен біріктірілген цифрлық логистикалық сервистерді (мемлекеттік және коммерциялық) құру жоспарланып отыр.
Одақтың басқару органдары барлық қажетті шешімді қабылдады және қазір сенімді цифрлық іргетас – ЕАЭО цифрлық көлік дәліздері экожүйесінің ұлттық сервистерінің "жаймасөресі" құрылуда. Бұл жобаны іске асыру барысында ұлтүсті деңгейіндегі бірыңғай цифрлық инфрақұрылым базасында мемлекеттік органдардың көлік-логистика жүйелері және цифрлық сервистері мен коммерциялық логистикалық сервистерді біріктіру белгіленген.
"2022 жылдың соңына дейін ұлттық сервистердің "жаймасөресі" қалыптастырылатын болады, ол ұлттық сервистердің технологиялық дайындығын ескере отырып, тасымалдау процесіне қатысушылардың хабардар болуының қажетті деңгейін және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді",-деп атап өтті Максим Галл.
ЕАЭО-ның көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жоба заманауи өндірісті тез құруға, еңбек ресурстарының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жұмылдырылуына, Одақта және одан тыс жерлерде транзиттік тасымалдардың өсуіне серпім береді.
Комиссия Алқасы басшысының көмекшісі мультимодалдық халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру саласында бай практикалық тәжірибесі мен құзыреті бар ірі көлік-логистика компанияларының өкілдерімен олардың негізгі цифрлық сервистерінің ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесіне интеграциясының перспективалары бойынша келіссөздер туралы хабарлады.
https://eec.eaeunion.org/upload/iblock/59f/DTCE-itogovyy-rolik.mp4