Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 23 тамыздағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақта стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөнінде ұсыным қабылдады.
Ұсынымдар ЕАЭО-дағы стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі нұсқаманы кірістіреді, ол бұрын Одақта реттелмеген бірқатар рәсімді қамтиды. Атап айтқанда, ЕАЭО техникалық регламенттеріне орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларды дайындау мен бекіту, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттарды жоспарлау және әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) кезінде стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың өзара іс-қимылы.
ЕАЭО-да стандарттауды дамыту жөнінде келісілген іс-қимылды жүзеге асыру және мүше мемлекеттерде инновациялық және жоғары технологиялық өнімді өндіру үшін стандарттау жөніндегі органдардың осы саланың ЕАЭО-дағы даму бағыттары мен перспективаларын айқындау, озыңқы стандарттау саласында Одақ елдерінің келісілген іс-қимылын іске асырудың тиімді механизмдерін қалыптастыру, ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамасын жетілдіру мен үндестіру және басқа да ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша өзара іс-қимыл жасауы көзделеді.
«Ұсыным ережелерін қолдану ЕАЭО-да стандарттау саласының дамуына, Одақ техрегламенттерін, сондай-ақ ілгерінді халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдануды қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі жоспарлауға ықпал ететін болады», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.
Ұсыным Одақ шеңберінде Стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібін Комиссияның бекітуінің алғашқы қадамы болатын стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру механизмдерін сынап көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәртіпті әзірлеу Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көзделген.