Қабылданған құжаттарға сәйкес жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін мүше мемлекеттер кооперациялық жобаларды қаржыландыру бойынша бірыңғай қағидалар мен басымдықтарды әзірлеу қажеттігін растады.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары жобалармен жұмыс жөнінде ұлтүсті деңгейіндегі қызметті және қаржылық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін Комиссияға жаңа өкілеттіктер беру қажеттігін қолдады. Бұл ретте біз үшін түйінді басымдықтар - үш және одан да көп тараптың жобаға қатысуы, кооперациялық тізбекте қосылған құн қалыптастыру, қаржылық белсенділік және орнықтылық, өзара сауда мен инвестициялар көлемінің өсуі болып табылады",- деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Бұл бағытта одан әрі жұмыс істеу жоспарларына сәйкес 2023 жыл ішінде ЕЭК-тің жаңа өкілеттіктері, қаржыландыру тәртібін әзірлеу мен қабылдау, кооперациялық жобаларды іске асыру үшін бірыңғай критерийлер мен салаларды бекіту, қаржыландырудың ізеуірттелген механизмі туралы және басқа бірқатар мәселе қаралатын болады.
"Бұл бізге экономиканың нақты секторында интеграцияның жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді",- деп түйіндеді ЕЭК министрі.