Жаңалықтар

29.11.2024

ЕАЭО-да мүше мемлекеттің уәкілетті органының бастамасы бойынша дәрілерді тіркеудің жаңа рәсімі пайда болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүше мемлекеттің уәкілетті органының бастамасы бойынша басқа мүше мемлекеттерде тіркелген медициналық қолдануға арналған дәрілерді тіркеу нәтижелерін тану рәсімін енгізу бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақта дәрілік заттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер жобасын қабылдады.

Жаңа рәсім уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекет нарығында дәрінің аналогтары тіркелмеген жағдайда қолданылуы мүмкін.

Тіркеу референттік мемлекетте жүргізілген сараптама деректерінің негізінде баж төлемей (немесе тіркеу үшін өзге де белгіленген төлемді) жүзеге асырылатын болады.

Рәсім мүше мемлекеттерде фармацевтикалық өндіруші үшін коммерциялық тартымдылығы жоқ, күтілетін төмен сату көлемі бар дәрілік препараттардың жеткілікті ассортиментін қамтамасыз ету проблемасын шешуге бағытталған және осыған байланысты бұл препараттардың осы мүше мемлекетте тіркелуі мәлімделмейді. Мұндай препараттар денсаулық сақтау жүйесі үшін өте маңызды, өйткені олар медициналық көмек көрсету үшін (әдетте не аз көлемде, не жиі емес) қолданылады.