Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есепті бекітті.
Заңнаманы үйлестіру жөніндегі шараларды іске асыру 2020 жылғы қарашада қабылданған үйлестіру жоспарына сәйкес қаржы нарығының үш секторы (банк, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы) бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы айтқанда жұмыс үйлестіру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда, іс-шаралар параллель режимде орындалуда. Осы жоспарға сәйкес заңнаманы үйлестіру жөніндегі жұмыс банк пенғ сақтандыру секторларында 2025 жылы, ал бағалы қағаздар нарығы секторында 2029 жылы аяқталуы тиіс.
Атқарылған жұмыс аясында бағалы қағаздар мен брокерлердің/дилерлердің биржалық сауда-саттыққа қатысуына трансшекаралық рұқсат беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ стандартталған лицензия институтын енгізу көзделетін бірқатар халықаралық келісімдер жобалары әзірленді.