Жаңалықтар

23.08.2023

ЕАЭО-да жаңа транзиттік жіктеуіш әзірленді

22 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау жағдайлары бойынша жіктеуішті бекітті. Оны транзиттік Декларацияны толтыру тәртібінің ережелерін орындау мақсатында Комиссияның кеден блогы және ЕАЭО елдерінің органдары әзірледі. 2023 жылғы 1 қазанда күшіне енеді.

Құжат салықтарды, кедендік баждарды, арнайы баждарды, демпингке қарсы баждарды және өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы туралы мәліметтерді өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Анықтама

Жіктеуіш Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» шешіміне енгізілетін болады.