«Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп, экономикалық шектеулер жағдайында отандық өнеркәсіпті қолдауға бағытталған шараларды белсенді түрде көптеп атқарып, қабылдауда. Стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бұл шараларды іске асырудың аса маңызды құралы болып табылады», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.
Ресей Федерациясында белгіленген Ресей нарығына өнім жеткізудің айрықша шарттарының кейбір қырлары дербес талқыланды.
Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіру мәселелері сөз болды.
Анықтама
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақ шеңберінде стандарттау саласында келісілген саясатты іске асыруы мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2018 жылғы 14 мамырда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стандарттау жөніндегі мемлекеттік (ұлттық) органдары басшылары кеңесін құру туралы шешім қабылдады.
ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі