Жаңалықтар

19.08.2022 (Обновлено: 26.08.2022 10:29)

ЕАЭО-да фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидалары жетілдірілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 19 тамызда Фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларының жаңа редакциясын қабылдады. 

«Жаңа редакция ЕАЭО елдері инспекторларының фармацевтикалық инспекциялары нәтижелерінің толық салыстырмалылығын және оларды өзара тануды қамтамасыз етеді. Құжат тіркеу куәлігін беруге тіркеу дерекнамасын бере отырып, инспекцияларды қатарлас жүргізуге, ұлттық өндірістік алаңдар үшін GMP ұлттық сертификаттарын тануға және шетелдік өндірістік алаңдар үшін олардың инспекцияларын қайталамай инспекциялау туралы құжаттарды тануға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.

 Жаңа редакцияда ЕАЭО елдерінің фармацевтикалық инспектораттары жинақтаған құқық қолдану практикасының тәжірибесі ескерілген, фармацевтикалық өндірушілерді нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін фармацевтикалық өндірісті инспекциялау қағидалары өзектілендірілген, сондай-ақ инспекторлардың өкілеттіктерінің, инспекциялық процесс субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің, GMP сертификатын беруден бас тарту негіздерінің тәмамды тізбесі белгіленген.