Жаңалықтар

19.08.2022 (Обновлено: 26.08.2022 09:29)

ЕАЭО-да жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарлар бойынша тұжырымдамалар нақтыланды

Құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеңестің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» № 107 шешіміне түзетулерді қабылдады.­ 

«Алкогольді ішімдіктер» ұғымы түзетілді. Енді «спирттің концентрациясы 0,5%-дан астам алкогольді ішімдіктер» тұжырымдамасы қолданылатын болады. Сондай-ақ қыздырылған темекісі бар бұйымдарды әкелу кезінде сандық шектеулер енгізілді: жеке тұлғалар 200 «стик»-ке дейін әкеле алады. 

Төлемдерді төлеуден босатыла отырып әкелінетін, бірнеше тұлға мұраға қалдыратын мүлікке, сондай-ақ мүше мемлекетке тұрақты тұруға қоныс аударған немесе босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алған адамға тиесілі мүлікке қатысты тұжырымдамалар нақтыланды. 

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.