Жаңалықтар

26.01.2023 (Обновлено: 31.01.2023 10:35)

ЕАЭО-ның карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне калифорния шыртылдағы қосылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тағы бір қауіпті зиянкесі - калифорния шыртылдағымен толықтырды.

Оны Бірыңғай тізбеге қосу үшін Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген фитосанитариялық тәуекелді талдау нәтижелері негіз болып табылады. Бұл қоңыз көбінесе Солтүстік Америка елдерінде таралған. Алдын ала бағалау бойынша, калифорния шыртылдағының ықтимал залалы тек картоп бойынша және тек Ресейде ғана 15,5 млрд рубль құрауы мүмкін. Ал бұл - қант қызылшасы, картоп, бидай, қарай бидай, арпа, сұлы және басқа осы сияқты дақылдарды зақымдайтын көп улы насеком.

Бразилия, Түркия, Марокко, Иордания қазірдің өзінде оны карантиндік объектілердің ұлттық тізбесіне кіргізді, ал Өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымы реттеу үшін ұсынылатын карантиндік зиянды организмдер тізбесінің А1 бөліміне бұдан бұрын қосты. 

Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесі Одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарын калифорния шыртылдағының берілуі мен таралуының ықтимал жолдары болуға қабілетті карантинге жатқызылған өнімнің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптармен толықтырды.

Кеңес шешімі зиянкестің ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелу тәуекелін барынша азайтуға және Одақ аумағының карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүкіндік береді.