Жаңалықтар

02.09.2022

ЕЭК-те "Еуразиялық электробус" пилоттық жобасын іске асыру жұмысы басталды

Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп блогының алаңында "Еуразиялық электробус" өнеркәсіптік кооперациясының пилоттық жобасын іске асыру жұмысы басталды

2 қыркүйекте болып өткен, Комиссияның және Одақ мемлекеттерінің жауапты ведомстволарының өкілдері қатысқан консультация барысында автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ЕЭК алаңында жұмыс істейтін сарапшылық топ құрамын өзектілендіру туралы шешім қабылданды, оған ЕАЭО елдері мемлекеттік органдарының, электр қозғалтқышы және автожиынтықтауышы бар көлік құралдарын өндірушілердің, сондай-ақ қатысушы елдердің ғылыми топтарының өкілдері кіреді.

"Бүгінде ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік кооперация - барынша жергіліктілендіру дәрежесімен Еуразиялық бренд аясында өнім шығаруға, импортты алмастырушы жаңа жобаларды қалыптастыруға, сондай-ақ шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін Одақ елдері өндірушілерінің бірлескен күш-жігерін біріктірудің неғұрлым тиімді нысаны болып отыр",- деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Николай Рогожник.

Тараптар ЕЭК Кеңесінің тапсырмаларын орындау үшін Комиссия ұсынған жұмысты құру жөніндегі іс-қимыл жоспарын келісті.

Бірінші кезеңде электробустар өндірісі және қажетті өзіндік өндірістік әрі технологиялық әлеуетке ие, ЕАЭО елдерінің компаниялары үшін сыни жиынтықтаушылардың, тораптар мен материалдардың тізбесі қалыптастырылады.

Материалдарды дайындағаннан кейін, тараптар Беларусь Республикасының өнеркәсіптік алаңдарының бірінде Одақ мемлекеттері бизнесі өкілдерінің көшпелі жұмыс кездесуін өткізуге уағдаласты.

Николай Рогожниктің сөзінше, бұл жобаны толық ауқымда іске қосуға негіз қалап қана қоймай, сонымен бірге жолаушы техникасының өзге түрлеріне (автобустарға, троллейбустарға) арналған тораптар мен жиынтықтауыштардың өндірісін оларды электробустарда әрі қарай пайдалану үшін қайта бағдарлау және бейімдеу мүмкіндігін бағалауға жол ашады.

Жүргізілген жұмыстың аралық қорытындылары 2022 жылдың аяғына дейін Комиссия Алқасының отырысында баяндалатын болады.


Анықтама

"Еуразиялық электробус" пилоттық жобасын іске қосу туралы шешім осы жылғы 15 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында қабылданды (Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 31 тапсырмасы).