Жаңалықтар

03.06.2024

ЕЭК-те зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі негізгі бағыттар белгіленді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Нұржамал Ілиясова Ресейде Еуропалық бизнес қауымдастығының алаңында өткен «Зияткерлік меншік: даму тенденциялары, практика, проблемалар және шешу жолдары» конференциясы барысында Еуразиялық экономикалық одақтағы зияткерлік меншік саласындағы негізгі оқиғалар туралы айтып берді.

«Зияткерлік меншік құқықтарын тиімді сақтау және қорғау экономиканың, ең алдымен оның креативті және инновациялық салаларының өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады», - деп атап өтті Нұржамал Ілиясова.
ЕЭК өкілі зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы хабардар етіп, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылау мәселелері Комиссия алаңында талқыланатын тұрақты тақырыптардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Нұржамал Ілиясова басым бағыттардың ішінде ЕАЭО елдерінде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілерінің бизнеске бағдарланған іздестіру онлайн-сервистерін жасау, сондай-ақ Интернет желісіндегі зияткерлік меншік объектілеріне берілген құқықтарды қорғау бойынша ұлттықтан жоғары реттеуді қалыптастыру, зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қолданысқа енгізу жөніндегі жұмысты атап өтті.

Сондай-ақ, Нұржамал Ілиясова конференцияға қатысушыларға ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» Декларациясын іске асыру жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті, ол іс-шараларды, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы іс-шараларды қосуды көздейді.

Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕБҚ) — Ресей Федерациясындағы шетелдік инвесторлардың негізгі өкілдігі. ЕБҚ 1995 жылы құрылған, Ресейде жұмыс істейтін 380-нен аса компанияны біріктіретін тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады. ЕБҚ бизнестің әртүрлі салаларында, соның ішінде зияткерлік меншік саласында кең ауқымды мәселелерді қолдайтын 65 комитет пен жұмыс топтарын қамтиды.