Жаңалықтар

26.01.2023

ЕЭК-те тауарларды декларациялаудың ерекшеліктерін қолдану кезінде мәліметтерді көрсету қағидаларын оңайлату талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның дүркіндік және толық емес декларациялауды қолдану кезінде тауарларға арналған декларацияны толтыруды оңайлататын шешімінің жобасы ЕЭК-тің бейінді консультативтік комитеті жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.


Отырыс Комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаровтың төрағалығымен өтті. Ол, атап айтқанда:

"Беларусь Республикасының бастамасы бойынша декларацияның бірқатар графасын толтыруды оңайлату ұсынылады, бұл декларациялаудың ерекшеліктеріне негізделеді. Біздің пікірімізше, бұл ағымдағы жайсыз жағдайларда бизнес үшін пайдалы болады", — деп атап өтті.

Бұдан басқа, отырыс барысында сарапшылар Ресей Федерациясының тауарлар шығару туралы өтініште декларацияны бергенге дейін тауарларды декларациямен ұқсастығы бойынша сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі бастамасын талқылады.

Сондай-ақ сарапшылар Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне № 2 қосымшаға толықтыру бойынша бастамаларды қарады.

Анықтама

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген.

Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы бұдан бұрын ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің шешіміне сәйкес құрылды.