Жаңалықтар

15.11.2023

ЕЭК-те бизнестің декларацияларды тіркеу тәртібі бойынша ұсыныстары талқыланды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сарапшылары бейінді жұмыс тобының 14 қарашадағы кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалық етуімен кедендік декларацияның үш түрін: тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеудің жаңа кешенді тәртібін талқылады. Жаңа тәртіп электрондық декларациялаудың басымдығын және автоматты тіркеу мүмкіндіктерін ескереді.

Бұл құжатты қосымша талқылау бизнестің қосымша түскен ұсыныстарын қарау қажеттігінен туындады.

"Біз осы жаңа және қазіргі заманғы шындықты көрсететін тәртіп бойынша, ең алдымен автотіркеу мәселесін тиісті құқықтық реттеуді қамтамасыз ету бөлігінде жұмыстың қисынды аяқталуына жеткіміз келеді", – деп атап өтті Григор Оганян.

 

Анықтама

Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің 2021 жылғы 10 қарашадағы шешіміне сәйкес құрылған.