Жаңалықтар

07.11.2024

ЕЭК-те Беларусь Республикасының «бір терезе» ұлттық механизмін дамыту жөніндегі пилоттық жобасы таныстырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия, Ұлттық маркетинг және баға конъюнктурасы орталығы, сондай-ақ Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті Беларусь Республикасында "бірыңғай терезе" ұлттық механизмін дамыту жөніндегі пилоттық жобалардың көрсетілімін өткізді.

Іс-шараға ЕЭК-тің, кеден қызметтерінің, мемлекеттік билік органдарының және ЕАЭО елдері бизнесінің "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту жобасына тартылған өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға Беларусь Республикасында "СЭҚ-тың бір терезесі" электрондық платформасын қалыптастыру жөніндегі жобаның ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері, "Е-Паслуга" порталының функциялық мүмкіндіктері және басқарылатын кедендік бизнес-процестер ұсынылды.

"Бірыңғай терезе" механизмі – СЭҚ-ты дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ЕАЭО-дағы перспективалы жоба. Ол ілгерінді ұйымдастырушылық-құқықтық, техникалық және технологиялық шешімдерді қолдана отырып, "бірыңғай терезе" механизмінің қазіргі заманғы модельдерін құрудың әлемдік тәжірибесін біріктіреді", – деді ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов.

Мүше мемлекеттерде іске асырылып жатқан жоба ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібінің талаптарына жауап беретіні, ал реттеушілік функцияларын іске асыру бөлігінде "ақылды" кеден институтын дамытумен ұштасқаны атап өтілді.

ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары туралы» № 4 өкімімен 2025-Стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар, механизмдер мен іс-шаралар айқындалды. Олардың қатарында болашақта олардың сыйысымдылығын және деректермен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін "бірыңғай терезе" ұлттық тмеханизмдерін ендіру жөніндегі пилоттық жобалар көрсетіліміне байланысты іс-шаралар бар.