Жаңалықтар

21.02.2022 (Обновлено: 02.03.2022 17:48)

ЕЭК-те көлік саласында кәсіби стандарттар әзірлеу кезіндегі тәсілдемелерді үндестіру жөніндегі жұмыс жалғасуда

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында мүше мемлекеттер экономикасының көлік секторының кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаменті дайындаған көлік саласындағы кәсіби стандарттар тізбесі орналастырылған.

Тізбе кәсіби стандарттар әзірлеу (алда оларды әзірлеуге тура келетін мемлекеттерде) кезінде тәсілдемелерді үндестіруге, сондай-ақ оларды өзектілендіру (олар қазірдің өзінде қабылданған елдерде) кезінде кәсіби стандарттардың мазмұнын жақындастыруға жәрдемдесетін болады.

Бүгінгі таңда кәсіби стандарттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында қолданылады. ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінде кәсіби стандарттар мен біліктілік шеңберлерін әзірлеу қалыптасу процесінде тұр.

Тиісті ақпараттық база құру туралы шешім мүше мемлекеттердің көлік және білім беру саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері кіретін кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде қабылданды.