Жаңалықтар

10.11.2022

ЕЭК-те макроэкономика саласындағы стратегиялық құжаттарды дайындау қаралды

9 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде өткен Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің отырысына қатысушылар 2025-Стратегиясын іске асыру, атап айтқанда, экономикалық дамудың 2035 жылға дейінгі негізгі бағыттарын дайындау мәселелерін және мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдаят туралы баяндаманы талқылады.

"Біз құрылымдық өзгерістердің күрделі жағдаятын бастан өткеріп жатырмыз: әлемдік экономикада да, біздің экономикамызда да елеулі технологиялық және институционалдық ығысулар орын алуда. Бірақ барлық сыртқы күйзеліске қарамастан, біздің билік макроэкономикалық тұрақтылықты сақтай алды",- деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев.

Сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық дамуының орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер мониторингінің нәтижелері қаралды. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында ЕАЭО мемлекеттерінің көбісінде бюджеттік және борыштық көрсеткіштердің жақсаруы байқалды. Сонымен бірге, қолайсыз сыртқы факторларға байланысты, қыркүйекте ЕАЭО-ның кейбір елдерінде инфляция жөніндегі сандық шектеулер асып түсті.

Комитет мүшелері ЕАЭО мемлекеттері экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда, экономикалық жағдаятты тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен шараларды әзірлеу және қабылдау қағидаларын жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды келісті.

Консультативтік комитеттің келесі отырысын 2023 жылғы сәуірде көзбе-көз форматта өткізу жоспарланып отыр.