Жаңалықтар

29.02.2024

ЕЭК-те «бірыңғай терезе» тетігін іске асыру мәселесі қарастырылды

Еуразиялық экономикалық одақта сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» тетігін іске асырудың басым құралдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мәжілісін өткізді.

Оған «бірыңғай терезе» ұлттық тетіктерін дамыту жобаларына тартылған Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының кедендік ынтымақтастық жөніндегі блогының өкілдері қатысты.

«Бірыңғай терезе» тетігін іске асыру құралдарының басымдылығын бағалау үшін Одақ елдерінің мүдделі мемлекеттік органдарына, заңды тұлғаларына және бизнес-қоғамдастықтарына сауалнама жүргізуге байланысты мәселелер қарастырылды. Бұған қоса, топ мамандары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына сәйкес мүше мемлекеттерде «бірыңғай терезе» ұлттық тетіктерін енгізу жөніндегі пилоттық жобалардың алдағы 2024 жылғы көрсетілімін талқылады.

Тараптар өкілдері сауалнама жүргізу тәсілдері мен нысанын,
сндай-ақ ЕАЭО мемлекеттеріндегі пилоттық жобаларды көрсету элементтерін талқылады. Мұндай жұмыстың мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін СЭҚ жүргізу процесінің ыңғайлылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

Анықтама

«Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары туралы» ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен 2025 стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар, тетіктер мен іс-шаралар айқындалды.

Іс-шаралар жоспарының 9.4-тармағының бөлігінде келесі іс-шаралар белгіленген:

– «бірыңғай терезе» ұлттық механизмін іске асырудың басым құралдарын нормативтік бекітуді қамтамасыз ететін Одақ органдарының актілерін дайындау;

– болашақта үйлесімділігі мен деректермен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «бірыңғай терезе» ұлттық тетіктерін енгізу бойынша пилоттық жобаларды көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.