Кеңеске қатысушылар ЕЖУ Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекітті, ол ЕЖУ-ді дамытудың стратегиясы мен тактикасын айқындау үшін жасалған. Үйлестіру кеңесі тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады, оның құрамына ЕЖУ құру туралы меморандумға қол қойған әрбір университеттен бір өкіл кіреді. Сондай-ақ ЕЖУ құрылымдық бөлімшелерінің ережелері және 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Еуразиялық желілік университетті іске қосу жөніндегі жұмыстың жоғары серпінін атап өтті және оның ЕАЭО-да ғылыми-техникалық ынтымақтастықты сүйемелдеудегі рөлін атап көрсетті.
"Жоғары білікті кадрлар даярлау ЕАЭО-ның инновациялық дамуының қажетті шарты болып табылады.Еуразиялық желілік университет алдында тұрған міндеттердің бірі — бірыңғай экономикалық кеңістікте неғұрлым сұранысты мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жақындастыру", — деп атап көрсетті Сергей Глазьев. "Жоғары білікті кадрлар даярлау ЕАЭО-ның инновациялық дамуының қажетті шарты болып табылады.Еуразиялық желілік университет алдында тұрған міндеттердің бірі — бірыңғай экономикалық кеңістікте неғұрлым сұранысты мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жақындастыру", — деп атап көрсетті Сергей Глазьев.
Еуразиялық желілік университетті құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға Бішкекте 25 мамырда Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қол қойды. ЕЖУ мақсаты – білім беру саласында тосқауылсыз ортаны кезең-кезеңімен қалыптастыру. ЕЖУ қашықтан білім беру технологияларын, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер ұйымдастыруды, жастардың Еуразиялық интеграция құндылықтары рухында тұлғалық өсуін ынталандыруды және басқа бағыттарды пайдалана отырып, білікті кадрлар даярлаумен айналысады деп бағамдалуда.
Еуразиялық желілік университет заңды тұлға құрмайтын ғылыми-білім беру консорциумы ретінде қалыптастырылған. ЕЖУ-дің құрылымдық бөлімшелері нақты жоғары оқу орнына — меморандумға қатысушыға бекітілген.
ЕЖУ Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Ресей мемлекеттік басқару университетінің ректоры, профессор Владимир Строев сайланды.