Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 11 шілдедегі отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілер тізілімінен ЕАЭО елдерінен әкелінетін өнімнің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуға жіберуге шектеулер белгілеуге байланысты кедергіні жойылды деп таныды және алып тастады.
Комиссия жүргізген мониторинг көрсеткендей, өнімнің жекелеген түрлері бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін жеткізушілерге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының индустриялық сертификатын алу қажет болды, бұл ретте ол тек қазақстандық өндірушілерге берілетін болған. Соынмен қатар электрондық өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық жасақтамадағы елішілік құндылық үлесі түріндегі критерийлер қарастырылды.
Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу нәтижесінде Одақ құқығына сәйкес келмейтін шектеулер жойылды.
«Мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық режимді ұсыну тауарлар мен қызметтер нарығын тұрақтандыру мен реттеудің мықты құралы болып табылады. Біз Қазақстан Республикасының ЕАЭО ішкі нарығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі күш-жігерін құптаймыз», — деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян.