Жаңалықтар

10.07.2024

Комиссия тауарларға арналған декларацияны тіркеуді ресімдеудің немесе тіркеуден бас тартудың жаңа тәртібі туралы талқылады

10 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалығымен кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақта тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібінің жаңа редакциясына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Бұл тәртіп ЕЭК-тің жаңа кешенді актісін білдіреді, мұнда кеден органының лауазымды тқұлғасын қатыстырмай-ақ, электрондық декларациялаудың басымдығы да, кеден декларацияларын тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды жүзеге асыру мүмкіндігі де ескерілген.

Сонымен қатар, отырыста ЕАЭО елдері өкілдерінің контейнерлер туралы мәліметтерді көрсету ерекшеліктеріне қатысты басқа да ұсыныстары қаралды.

Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің шешіміне сәйкес құрылған.