19 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақта экспресс-жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының отырысына мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, оның ішінде пошта операторлары мен экспресс-тасымалдаушылар қатысты.
Сарапшылар Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша экспресс-жүктерге арналған декларацияны толтыру қағидаларын одан әрі біріздендіруге байланысты мәселелерді қарады. Сондай-ақ, тауарларды осындай оңайлатылған декларацияны қолдана отырып декларациялауға болатын жағдайларды кеңейту жөніндегі валюталық бақылау және ресейлік бизнеске арналған жекелеген мәліметтерді көрсету жөніндегі қазақстандық бизнестің ұсыныстары мақұлданды.
Экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясы және экспресс-жүктерге арналған тауарларға жасалатын декларация экспресс-жүктерді декларациялау кезінде пайдаланылатын жеңілдетілген кедендік декларациялар болып табылады.
Экспресс-жүк – халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін тауарды қоспағанда, жеке жүкқұжатқа сәйкес осы тауарды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауды ұйымдастырудың және қадағалаудың электрондық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, кез келген түрдегі көлікпен жылдам тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.