Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік жөніндегі блогының Қоғамдық қабылдауына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік сатып алуына тең және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында әділ бәсекелестікті сақтау ерекшеліктерін талқылады. Іс-шара Минскіде 7 қыркүйекте Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі мен Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен Беларусь әмбебап тауар биржасының алаңында өтті.
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов атап өткендей, бәсекелестікті бұзушылық туралы Комиссияға келетін өтініштердің төрттен бір бөлігіне жуығы Беларусьтен түседі.
"Осыған байланысты біз осындай кездесулердің мақсаты – нақты кейстерде кәсіпкерлерге ЕАЭО трансшекаралық нарықтарына шығу кезінде тап болуы мүмкін ұлтүсті монополияға қарсы құқықты бұзу тәуекелдері туралы айтып беру деп білеміз", – деді ЕЭК министрі.
Беларусь бизнесі ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға да белсенді қатысады. Бүгінгі таңда ЕАЭО елдеріндегі сатып алуға кедергісіз қатысуға мүмкіндік беретін Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне Беларусь Республикасының 92 өндірушісінің 7187 тауары туралы мәліметтер енгізілген.
Беларусь кәсіпкерлері қойған мәселелерді толық мәнді талқылау үшін отырысқа монополияға қарсы блоктың сарапшыларымен қатар Комиссияның басқа да бейінді блоктарының өкілдері қатысты. "Еуразиялық бестік" елдері өндірушілерінің дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасын ЕАЭО талаптарына сәйкес келтірудегі қиындықтары туралы, үшінші елдерден тауарлар экспорты кезіндегі Беларусь кәсіпкерлерінің проблемалары туралы, Одақ шеңберіндегі автомобиль тасымалдары кезінде Шарт нормаларының ықтимал бұзылуы туралы сұрақтар солдарға жолданды.
Диалог қорытындысы бойынша ЕЭК өкілдері бизнесті өз құқықтарын қорғау үшін Комиссияның ресурстары мен әлеуетін белсенді пайдалануға, сондай-ақ Қоғамдық қабылдаудың алдағы отырыстарының тақырыбы болуы мүмкін өзекті сұрақтарды жолдап отыруға шақырды.
Анықтама
Еуразиялық тізілімге 108 өндірушінің (Беларусь Республикасынан — 92, Қазақстан Республикасынан — 6, Қырғыз Республикасынан – 2, Ресей Федерациясынан — 8) 8138 тауары (өнеркәсіптің 15 саласы) кірістірілген.