Мәселен, түзетулерде мұндай тауарларды оны реттеу ерекшеліктерін айқындай отырып, жеке санатқа бөлу, электрондық сауда операторы институтын енгізу, кедендік декларациялау кезінде декларацияның жаңа түрін пайдалану және кедендік («бондтық») қоймаларды пайдалана отырып, жеке тұлғалардың тауарлар өткізу мүмкіндігі көзделеді. Бұдан басқа, құжат кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктерін қамтиды.
Қазанның ортасына қарай келісу нәтижелері алынады деп күтілуде, бұдан кейін сарапшылар жобаны келесі кезеңге — оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерге дайындай бастайды.