Жаңалықтар

17.09.2024

Валентин Татарицкий II Бүкілресейлік сүт форумына қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий 17 қыркүйекте Сочидегі өңірлердің "Ресейдің сүт бизнесінің мүдделері мен маңызы" II Бүкілресейлік сүт форумында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастырудағы және тұтастай алғанда Одақтық нарықты қорғаудағы Еуразиялық құқықтың маңызды рөлін атап көрсетті.

"Қауіпсіз тамақ өнімдері нарығындағы еркін айналысқа арналған ЕАЭО-ның техникалық реттеу және ветеринариялық-санитариялық шаралары: құқық және даму перспективалары" баяндамасында министр Еуразиялық экономикалық одақтың сүт өнімдеріне қатысты техникалық және ветеринариялық-санитариялық заңнамасындағы негізгі жаңалықтар, аталған салалардағы ағымдағы әзірлемелер туралы айтып берді.

Бұл ретте Валентин Татарицкий форумға қатысушылардың назарын ЕАЭО-да іске асырылып жатқан "Цифрлық техникалық реттеу" жобасының перспективалық мүмкіндіктеріне аудара отырып, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологияларды дамытудың маңыздылығын айқындап айтып өтті.

"Ветеринариядағы жалпы процестер арқылы өзара іс — қимыл жасау сапасыз және бұрмаланған сүт өнімдерімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Болашақта бұл процестер мен цифрлық техникалық реттеу азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға ықпал ете отырып, тығыз байланыста болатыны анық", — деген сенімде ЕЭК министрі.

Валентин Татарицкий Одақ мемлекеттерінде одақтық қағидалар мен тәртіптердің толық мәнінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Өңірлердің II Бүкілресейлік сүт форумы 170-тен астам қатысушынығ басы қосты, олардың арасында сүт өнеркәсібінің, бизнестің, реттеуші саланың өкілдері болды. Форум іс-шараларына Комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің өкілдері қатысты.