Жаңалықтар

15.11.2023

Виктор Назаренко: "Біз батылдық танытып, ЕАЭО-ның бірыңғай техникалық реттеу жүйесін қалыптастыруда алға жылжу үшін тосқауылдан аттап өтуіміз қажет"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко бұл туралы 15 қарашада Мәскеуде «Интеграция» Еуразиялық іскерлік форумында мәлімдеді.


ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай техникалық реттеу жүйесін құру мүше мемлекеттер деңгейінде реттеуге қайта оралу мүмкін болмайтын соңғы кезеңіне кіргенін атап өтті. Бірақ мемлекеттер деңгейінде ықпал ету құралдарын сақтау үрдістері интеграциялық мүмкіндіктерге нұқсан келтіре отырып, бұдан арғы қозғалысқа кедергі жасайды.

Министрдің пікірінше, дәл сол себепті жаңа салалар бойынша интеграциялану күрделі бола түсуде. Техрегламенттер әзірлеу мен оларға өзгерістер енгізу жоспарын орындау мұның айқын мысалы болып табылады. Бүгінгі күнге бұл тиісінше 27% және 23% ғана.

"Техникалық реттеу – бұл жай ғана біраз уақыт ойнауға болатын "ойыншық" емес, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін құрал. Одақ туралы шартқа қол қойылғаннан кейін, 10 жылдан астам уақыт ішінде техникалық реттеу саласында бірыңғай саясат жүргізу туралы ортақ келісім бойынша, біз техникалық реттеудің алты бағытының тек екі бағыты бойынша ғана ұлтүсті механизмдерін құруға шыға алдық. Бұл ретте олар Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктерінің призмасы арқылы жүзеге асырылады", – деп санайды Виктор Назаренко.

Оның сөзінше, техникалық реттеу құралдарын кеңінен қолдана отырып, "біз стандарттауға ерекше мән береміз", бұл Одақтың техникалық регламенттерінің міндетті талаптарын іске асырудың тиімді механизмі болып табылады. Бұл салада ЕЭК мүше мемлекеттермен бірлесіп, ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды халықаралық талаптармен үндестіруді арттыру мақсатында жұмыс істейтін осал тұстар да бар екені сөзсіз. "Қазірдің өзінде біз қазіргі заманғы және сұранысқа ие стандарттарды, әсіресе мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу процесін жандандыру үшін қандай нақты қадамдар қажет екенін көріп отырмыз және, әрине, бұл тиісті қаржылық ресурстарды талап етеді", – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Виктор Назаренконың пікірінше, техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейіне және оларға орайлас стандарттар тізбесіне бағалау жүргізу жаңа стандарттар әзірлеуді ынталандырады, өйткені ҒТД бағалау тәртібі өнімге қойылатын талаптарды ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келтіруге бағытталған.

ЕЭК министрі өз сөзінде Одақтың бірыңғай нарығын қауіпсіз емес өнімдерден қорғау және осы нарыққа отандық әрі шетелдік өнімдердің қол жеткізуінің тең жағдайларын қалыптастыру мәселелеріне айрықша назар аударды. Виктор Назаренко байқағандай, мониторинг нәтижелері сынақ мүмкіндіктері мен басқа да қажетті ресурстар болмаған кезде сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың жөнсіз көлемі қысқа мерзімде берілетін бірқатар мүше мемлекетте сәйкестікті бағалау саласындағы елеулі қиғаштықтарды айғақтайды.

Ортақ нарықты қауіпсіз емес өнімдерден қорғаудың тиімділігі белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиімділігіне де тікелей байланысты. ЕАЭО елдеріндегі бұл қызметтің деңгейі: бір елдегі жүйелі бақылаудан басқа елдердегі бақылау іс-шараларын өткізуге арналған мораторийлерге дейінгі аралықта өте әртүрлі. "Бүгінгі таңда бізде техникалық регламенттер талаптарын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын 30 уәкілетті орган бар, бірақ нәтижелері мардымсыз. Бұл біздің ортақ нарығымызды қорғау деңгейіне әсер етіп отырғаны сөзсіз. Алақол субъектілер мұндай жағдаятты өте епті пайдаланады", – деп атап көрсетті министр. Бірқатар мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы көптеген уәкілетті органы мораторийге арналған тиісті актілерді немесе мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа шектеулерін дайындап, артық қадағалау іс-шараларын алып тастауға көше отырып, мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүйесін жетілдіру жөніндегі өз міндеттерін тым оңайлатып жіберді. Бұл, Виктор Назаренконың пікірінше, стратегиялық қателік болып табылады.

Министрдің көз жеткізуінше, техникалық реттеу саласына қате жатқызылған және айрықша назар аударылуы керек тағы бір маңызды сала – өлшем бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, бұл тек техникалық реттеу саласын ғана емес, соның ішінде сауданы, өнеркәсіпті, әлеуметтік саланы және мемлекеттік және халықаралық қызметтің басқа да маңызды салаларын қоса, экономиканың барлық саласын қозғайды. Сол себепті, ЕЭК министрі сенімді айтқандай, өлшем бірлігін қамтамасыз ету техникалық реттеу саласынан шығарылып, жеке сала ретінде қарастырылғаны жөн.

Ағымдағы жағдайларда техникалық реттеу жүйесі элементтерінің дамуын қарқынды ету үшін экономиканы цифрландыру және "ЕАЭО-ны цифрлық техникалық реттеу"жобасын нақты іске асыру тиімді түрткі бола алады. "Қазіргі заманғы цифрлық платформаны құру барлық техникалық реттеу процесінің цифрлық түрленуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, өнімді жобалау, өндіру және нарыққа шығару кезіндегі цифрлық өзара іс-қимылға жағдай жасайды", – деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

Дәл осы платформа, соның ішінде аккредиттеу, сәйкестікті бағалау, мемлекеттік бақылау мен қадағалау салаларында тәртіп орнатуға мүмкіндік береді, деп санайды Виктор Назаренко. Сондай-ақ, бұл Одақ елдерінің бизнесіне өнімге қойылатын озық талаптарды уақытылы ендіру және сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялар алудың қажетті рәсімдерін жүргізу бойынша қосымша мүмкіндіктер ұсынуға жол ашады.

Комиссия мен уәкілетті органдардың бірлескен жұмысы Одақтың ағымдағы міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ интеграциялық процестерді, соның ішінде техникалық реттеу саласында одан әрі дамытуға бағытталған. Виктор Назаренко Форумға қатысушыларды техникалық реттеуді дамытудың интеграциялық құрамдас бөлігін бытыраңқы елдік механизмдер мен құралдарды сақтау алдында сөзсіз басымдыққа шығаруға шақыра отырып, "Одақтың стратегиялық құжаттарында ЕЭК көріп отырған, соның ішінде Одақ елдері үлкен қиындықпен келіскен барлық міндет көрініс таппағанына" олардың назарын аударды.