Жаңалықтар

01.10.2024

ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері «Жасыл Еуразия» екінші халықаралық климаттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады

Еуразиялық экономикалық форум – 2024 бағдарламасы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі» АНО ұйымдастырған «Жасыл Еуразия» екінші халықаралық климаттық конкурсының жеңімпаздары мен финалистерін марапаттау рәсімі өтті.

Рәсімге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері: Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, сондай-ақ ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев қатысты.

Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Иран Ислам Республикасынан, Египет Араб Республикасынан, Индонезия Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан 57 үздік климаттық практикалар конкурстың 15 түрлі номинациядағы жеңімпаздары мен финалистері болды.

Қазақстан Республикасынан «ТехноГруппСервис» ЖШС компаниясы «жасыл» қаржыландыру құралдарын пайдалану жолымен жел электр станцияларын орнату жобасымен халықаралық кооперациялық құрамдасы қосымша бағаланған «Еуразиялық перспектива» арнайы номинациясында жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздар мен финалистердің тізімімен ресми сайттан танысуға болады.

Ағымдағы жылы конкурсқа Қытайды, Египетті, Иранды, Индонезияны, Камерунды, Түрікменстанды, Өзбекстанды, Әзірбайжанды қоса алғанда 12 елден 300-ден астам практика келіп түсті. Конкурстың серіктестері «Газпромбанк» АҚ, «Промсвязьбанк» ЖАҚ және Андрей Мельниченконың қайырымдылық қоры болды.