Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өткен жылдың желтоқсан айында Одақтың май өнімдеріне арналған техрегламенті бойынша қабылданған № 2 өзгертулерді (КО ТР 024/2011) іске асыру мақсатында 18 маусымда өткен отырыста (№2 өзгертулер Кеңестің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 149 шешімімен қабылданған) осы техрегламенттің Стандарттар тізбесіне өзгертулер енгізді.
Өзгертулер екі позицияға қатысты. Біріншіден, ерікті қолдану Стандарттарының тізіміне Ресей Федерациясының ұлттық стандарты – МЕМСТ Р 70954-2023 «Аралас түрдегі температурасы тұрақтандырылмайтын какао майын алмастырғыштар. Техникалық шарттар» қосылған. Бұл КО ТР 024/2011 № 2 өзгертулерімен жаңа техникалық реттеу объектілері, яғни «аралас түрдегі температурасы тұрақтандырылмайтын какао майын алмастырғыштар» енгізілгендіктен туындап отыр, олар тамақ өнімдерінің әртүрлі түрлерін өндіруде және оған арналған глазурьде қолданылады.
Екіншіден, Әдістерге арналған стандарттар тізбесіне төрт мемлекетаралық стандарт және Ресей Федерациясы жүргізген өсімдік майлары мен майлардағы «глицидолға қайта есептегенде май қышқылдарының глицидил эфирлері» бойынша жаңа енгізілген қауіпсіздік көрсеткіші үшін зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің баламалы әдістері бар бір зерттеу (сынақ) әдістемесі енгізілген.
Өзгертулер осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Бұл күн КО ТР 024/2011 № 2 өзгертулерінің күшіне ену күнімен өзара байланысты (ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң – 2023 жылғы 22 желтоқсан).